Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 354 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
354-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу, жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды. 

2. Декларанттың кедендік аумақта қайта өңдеу рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті: 

1) қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу уақытында, кедендік әкелу баждарын салықтарды төлеу мерзімі туындаған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 347-бабының 1-тармағында белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі аяқталған кезде; 

2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады. 

3. Мыналар: 

1) шетелдік тауарлар кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжат берілген тұлға және (немесе) қайта өңдеу жөніндегі операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тікелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берілген кезде – тауарлардың берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні; 

2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылудың (қайтарымсыз жоғалудың) не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін шетелдік тауарлар жоғалған кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні; 

3) осы Кодекстің 347-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі аяқталмаған кезде – тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткен күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі. 

4. Кедендік әкелу баждары, салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескерілмей, төленуге жататын, кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады. 

5. Кеден одағының кедендік аумағынан кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған қайта өңдеу өнімдері әкетілмеген кезде осы Кодекстің 404-бабының 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға төлеуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомаларынан пайыздар осы Кодекстің 134-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазылмайды.

Статья 1 ...352 353 354 355 356 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться