Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 360 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
360-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі

1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі екі жылдан аспауға тиіс. 

Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партиямен) кедендік декларациялау кезінде – осы кедендік рәсімге тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады. 

2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің мерзімі: 

1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын; 

2) қайта өңдеу өнімдерін іс жүзінде әкелу үшін және оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталатын кедендік рәсімдерге орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды. 

3. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін. 

4. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін екі жыл шегінде ұзарту туралы мәселені шешу үшін декларант бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей, қайта өңдеу мерзімін ұзартудың орындылығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы жазбаша өтініш береді. 

Декларанттың қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы өтінішін кеден органы өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде кеден органы қарауға тиіс. Көрсетілген кезеңге қайта өңдеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Кеден органы қайта өңдеудің мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілген мерзім осындай шешім қабылданған күнге қарамастан алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады. 

Декларант осы тарауда көзделген шарттар мен шектеулерді сақтамаған жағдайда тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзартудан бас тартылуы мүмкін. 

Кеден одағының кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы немесе осындай ұзартудан бас тарту туралы кеден органының шешімі декларанттың назарына жазбаша түрде жеткізіледі. Бұл ретте Кеден одағының кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде кеден органындағы кедендік декларация данасының бірінші парағының келесі жағында мерзімді ұзарту туралы белгі және күні қойылады. Көрсетілген белгі кеден органының лауазымды адамының қол қоюымен, жеке нөмірлік мөрімен расталады.
Статья 1 ...358 359 360 361 362 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться