Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 361 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
361-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат

1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттің органы беретін тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кез келген тұлға ала алады. 

2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатта: 

1) құжат берілген тұлға; 

2) қайта өңдеу операцияларын тікелей жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар); 

3) Кеден одағы тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, сыныптамасы, олардың мөлшері мен құны; 

4) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінен тыс тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар; 

5) қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары; 

6) тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері; 

7) тауарларды сәйкестендіру тәсілдері; 

8) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі; 

9) егер қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыруға жол берілсе, осындай ауыстыру; 

10) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтер болуға тиіс. 

3. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

4. Кеден одағының тауарларын кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы, тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат берілген уәкілетті орган жүзеге асырады.
Статья 1 ...359 360 361 362 363 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 361-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV