Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
364-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы



Ст. 364 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерін осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда кері импорт немесе ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдерімен орналастыру арқылы аяқталады. 

Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған тауарларды осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда кері импорт немесе экспорт кедендік рәсімдерімен орналастыру арқылы аяқталады. 

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының аумағына міндетті түрде қайтарылуға жатса, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі экспорттың кедендік рәсімімен аяқтала алмайды. 

2. Қайта өңдеу өнімдері кері импорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдері арқылы бір немесе бірнеше партиялармен (жөнелтімдермен) орналастырылуы мүмкін. 

3. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар, олар кейін коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйге қайта өңделетін жағдайларды қоспағанда, өзге де кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады. Бұл ретте тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлар қалдықтар деп түсініледі. 

4. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік ысыраптар өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатпайды. Бұл ретте қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік ысыраптар өндірістік ысыраптар деп түсініледі. 

5. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлардың қалдықтары шығу нормаларына сәйкес өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатады. Бұл ретте тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде пайдаланылмаған тауарлар тауарлардың қалдықтары деп түсініледі. 

6. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырушы тұлға бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп беруге міндетті. 

Есептің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

Ескерту. 364-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Статья 1 ...362 363 364 365 366 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 364-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV