Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 375 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
375-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар және өндірістік ысыраптар

1. Шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар, көрсетілген қалдықтар одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйге қайта өңделген жағдайды қоспағанда, өзге кедендік рәсімге орналастырылуға жатады. Бұл ретте шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу операцияларын жасау нәтижесінде пайда болған тауарлар, қайта өңдеу өнімдерін қоспағанда, қалдықтар деп түсініледі. 

2. Кеден мақсаты үшін көрсетілген қалдықтар Кеден одағының кедендік аумағына осы күйінде әкелінген тауарлар ретінде қарастырылады. 

Қалдықтардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері Комиссияның шешімімен белгіленеді. 

3. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде жиналып қалатын және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік ысыраптар өзге кедендік рәсімге орналастырылуға жатпайды. Бұл ретте қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болатын және (немесе) біржола жоғалатын тауарлар өндірістік ысыраптар деп түсініледі.
Статья 1 ...373 374 375 376 377 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 375-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV