Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 377 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
377-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы

1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерінің осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады. 

Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. 

2. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырушы тұлға бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімін қолдану туралы есеп беруге міндетті. 

Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

Ескерту. 377-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...375 376 377 378 379 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 377-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV