Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 383 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
383-бап. Уақытша әкелінген тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер

1. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар (бұдан әрі – уақытша әкелінген тауарлар) табиғи тозу немесе тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйінде қалуға тиіс. 

Уақытша әкелінген тауарлардың кері экспорты кезінде кеден органының тауарларды сәйкестендіруін қамтамасыз ету шартымен жөндеу операцияларын (күрделі жөндеуді және жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты күйінде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар жасауға жол беріледі. 

Уақытша әкелінген тауарлармен сынақтар, зерттеулер, тестілер, тексерулер, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізуге не оларды сынақтар, зерттеулер, тестілер, тексерулер, тәжірибелер мен эксперименттер жүргізу барысында пайдалануға жол беріледі. 

2. Уақытша әкелінген тауарлар іс жүзінде декларанттың иелігінде және пайдалануында болуға тиіс. 

3. Декларанттың уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаның иелігіне және пайдалануына: 

1) оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу (күрделі жөндеуді және (немесе) жаңғыртуды қоспағанда), сақтау, тасымалдау мақсатында, өткізуге және айналымға ұсынылатын, тауарларды буып-түю мен қорғауға арналған айналымға көп түсетін (қайтарылатын) ыдыстарды, егер сыртқы сауда келісімшартына сәйкес бұл ыдыс уақытша әкелінетін тауарларға қатысты сынақтар, тексерулер, эксперименттер және олардың қасиеттері мен сипаттамаларын көрсету мақсатында қайтарылуға жататын болса, егер сыртқы сауда келісімшартына сәйкес бұл тауарлар қайтарылуға жататын болса, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарында айқындалған жағдайларда өзге де мақсатта – кеден органының рұқсатынсыз; 

2) өзге де жағдайларда кеден органының рұқсатымен беруіне жол беріледі. 

Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғалардың иемденуге және пайдалануға беру уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімі декларантын осы тарауда белгіленген талаптар мен шарттарды сақтаудан босатпайды. 

Декларант уақытша әкелінген тауарларды иемденуге және пайдалануына берген адамдарға кедендік төлемдер төлеуге жататын соманың толық мөлшерінде кедендік төлемдер төлеу бойынша декларантпен бірге ортақ міндетті болады. 

Кеден органы осы Кодекстің 187-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген тауарлардың құжаттары мен іс жүзінде тұрған жері туралы мәліметтерді және мұндай тауарларды осы баптың  

3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өзге тұлғаға берген жағдайда, жазбаша және (немесе) электрондық нұсқада мұндай тұлға туралы мәліметтерді сұратуға, сондай-ақ сұратылатын құжаттар мен мәліметтерді табыс ету үшін жеткілікті болатын, оларды табыс ету мерзімдерін белгілеуге құқылы. 

4. Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғалардың иемденуіне және пайдалануына беруге кеден органының рұқсатын алу мақсатында осы тауарлардың декларанты оларды кедендік рәсіммен орналастыруды жүргізген кеден органына онда уақытша әкелінген тауарларды басқа тұлғаға беру себептерін және осы тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша өтініш береді. 

Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғалардың иемденуіне және пайдалануына беру уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің декларантын осы тарауда белгіленген талаптар мен шарттарды сақтаудан босатпайды, сондай-ақ уақытша әкелуді тоқтата тұрмайды және оның мерзімін ұзартпайды. 

5. Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды осы Кодекстің 55-тарауында белгіленген тәртіппен халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде Кеден одағының кедендік аумағы шегінен тысқары жерлерде пайдалануға жол беріледі.

Статья 1 ...381 382 383 384 385 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться