Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 387 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
387-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

1. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды. 

2. Декларанттың уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлеу жөніндегі міндеті: 

1) уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу кезінде, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі туындаған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 385-бабының 1-тармағына сәйкес осы рәсім аяқталған кезде; 

2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады. 

3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде кедендік әкелу баждары мынадай мерзімде: 

1) уақытша әкелудің белгіленген мерзімі ішінде төленуге не мұндай төлемнің кезеңділігі жағдайында төленуге жататын кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының бірінші бөлігін төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың барлық сомасын төлеу кезінде тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне сәйкес шығарылғанға дейін; 

2) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу кезеңділігі жағдайында, мұндай төлемнің жүргізілетін кезеңі басталғанға дейін; 

3) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдалана отырып, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты: 

мұндай жеңілдіктерді пайдаланудан бас тартқан жағдайда – оған сәйкес тауарлар уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияға жеңілдіктерден бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізілгенге дейін; 

мұндай жеңілдіктерді пайдаланумен байланысты белгіленген осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді бұзу арқылы тауарларға қатысты әрекеттер жасалған жағдайда – көрсетілген әрекеттер жасалған бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - оған сәйкес тауарлар уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні; 

4) тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған кездегі шарттар бұзылған жағдайда – оған сәйкес кеден органы тауарлар уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны тіркеген күні төленуге жатады. 

4. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық шартты түрде немесе ішінара шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты: 

1) уақытша әкелінген тауарларды кеден органының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға берген кезде – берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса – тауарларды уақытша әкету (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күн; 

2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, кеден органы белгілеген тауарларды уақытша әкелу мерзімі кезеңінде уақытша әкелінген тауарларды жоғалтқан кезде – тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарларды уақытша әкету (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күн; 

3) осы Кодекстің 385-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде – тауарларды уақытша әкелу мерзімі өткен күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі. 

5. Кедендік әкелу баждары, салықтар осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларда, мұндай тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференцияларды және жеңілдіктерді ескермей, оған сәйкес тауарлар уақытша әкелу (жіберу) кеден рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара босату кезінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары шегеріле отырып, төленуге жатады.

Статья 1 ...385 386 387 388 389 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться