Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР кеден iсi туралы
390-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

Ст. 390 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
1. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыруға кейін уақытша әкету кедендік рәсімін аяқтау кезінде осы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі болатын жағдайда жол беріледі. 

Тауарларды сәйкестендіру Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес уақытша әкетілген тауарларды ауыстыруға жол берілген жағдайларда талап етілмейді. 

2. Уақытша әкету кедендік рәсімімен: 

1) алкогольді, темекі және темекі өнімдерін, шикізатты және жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қоса алғанда, оларды жарнама және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме экспонаттары не өнеркәсіптік үлгілер ретінде санаулы даналарда әкеткен жағдайларды қоспағанда, тамақ өнімдерін, сусындарды; 

2) қалдықтарды, оның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарды; 

3) Кеден одағының кедендік аумағының шегінен тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
Статья 1 ...388 389 390 391 392 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 390-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV