Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 4 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 

1) авария – тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) әдеттегі жағдайлары кезіндегі табиғи өзгерістерді, сондай-ақ осындай жағдайлардағы төтенше және болдырмау мүмкін болмайтын жағдайларды (еңсерілмейтін күшті) қоспағанда, кедендік бақылаудағы көлік құралдары және (немесе) өзге де тауарлар ұшыраған, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларында көзделмеген сандық және (немесе) сапалық өзгерістеріне әкеп соқтырған, меншік иесінің және (немесе) мұндай өзгерістер кезінде иелігінде тауарлар болған тұлғаның қасақана іс-қимылынан болмаған, салдары бойынша техникалық, технологиялық немесе өзге де сипаттағы зиянды оқиға; 

2) декларант – тауарларды декларациялайтын не оның атынан тауарлар декларацияланатын тұлға; 

2-1) Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тұрақты жұмыс істейтін бірыңғай реттеуші органы; 

3) жеке пайдалануға арналған тауарлар – кедендік шекара арқылы алып жүрілетін немесе алып жүрілмейтін багажда, халықаралық почта жөнелтімдерінде немесе өзге де тәсілмен өткізілетін жеке адамдардың жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге мұқтаждықтарына арналған тауарлары; 

4) жөнелтуші кеден органы – тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын кеден органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы; 

5) кедендік баж – кеден органдары тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем; 

6) кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету – осы Кодексте айқындалатын уақыт кезеңі ішінде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендік операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету; 

7) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету – Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді кеден органдарының алдында орындау кепілдігінің тәсілі; 

8) кедендік бақылау – Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы; 

9) кедендік декларация – белгіленген нысан бойынша жасалған, тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын құжат; 

10) кедендік инфрақұрылым - өткізу пунктінің кедендік инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы, сондай-ақ өткізу пунктін материалдық-техникалық жарақтандыру; 

10-1) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек – Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) осы Кодексте белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы; 

11) Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу – тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберуді, кеден органдары шығарғанға дейін құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, нәтижесінде олар кез келген тәсілмен Кеден одағының кедендік аумағына келген, Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізуге байланысты іс-әрекеттерді жасау; 

12) Кеден одағының кедендік аумағынан тауарларды әкету – тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберуді, Кеден одағының кедендік шекарасынан іс жүзінде өткізілгенге дейін құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмен Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге бағытталған іс-әрекеттерді жасау; 

13) Кеден одағының кедендік шекарасынан өту – адамның Кеден одағының кедендік аумағынан шығуға, Кеден одағының кедендік аумағына кіруге тікелей бағытталған іс-әрекеті және (немесе) адамның кедендік бақылау аймағында болуы, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасынан іс жүзінде өткізу; 

14) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

15) Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы – Кеден одағына мүше мемлекетте тұрақты тұратын жері бар жеке тұлға, оның ішінде кеден 

одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген дара кәсіпкер; заңды тұлға, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылмайтын құрылым; 

16) кеден органының қызмет аймағы – оның шегінде кеден органы кедендік бақылаудағы халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын аумақ; 

16-1) Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган – кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 

17) кедендік рәсім – тауарларды Кеден одағының кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде пайдалану және (немесе) оған билік ету талаптары мен шарттарын кеден мақсаттары үшін айқындайтын нормалардың жиынтығы; 

18) кедендік декларациялау – декларанттың кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және (немесе) тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі; 

19) кедендік құжаттар – кедендік мақсаттар үшін ғана жасалатын құжаттар; 

20) кедендік операциялар – Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тұлғалар мен кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер; 

21) кедендік төлемдер – Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуіне байланысты осы Кодекске сәйкес төлеушінің бюджетке төлеуіне жататын кедендік әкелу мен әкету баждары, кедендік алымдар; 

22) Кеден одағының кедендік аумағы - Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы, оны Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтары, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің айрықша экономикалық аймақтары және құрлықтық қайраңдары, жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар және және оларға қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттер айрықша юрисдикцияға ие өзге де объектілер құрайды; 

23) Кеден одағының кеден кодексі – 2009 жылғы 27 қарашада Минск қаласында Кеден одағының кеден кодексі туралы шартпен қабылданған халықаралық нормативтік құқықтық акт; 

24) Кеден одағының кедендік шекарасы – Кеден одағына мүше мемлекеттердің айрықша экономикалық аймақтарындағы және құрлықтық қайраңдарындағы жасанды аралдардың, қондырғылардың, құрылыстардың және оларға қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттер айрықша юрисдикцияға ие өзге де объектілердің шектерін қоса алғанда, Кеден одағы кедендік аумағының шектері; 

25) Кеден одағының тауарлары – Кеден одағының кедендік аумағындағы: 

толығымен Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген; 

Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген және осы Кодекске және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағының тауарлары мәртебесін алған; 

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген тауарлардан және (немесе) шетелдік тауарлардан жасалған және осы Кодекске және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағының тауарлары мәртебесін алған тауарлар; 

26) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары – Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттар; 

27) кеден өкілі – Кеден одағының кеден заңнамасына және осы Кодекске сәйкес декларанттың немесе өзге мүдделі тұлғаның атынан және тапсырмасы бойынша кедендік операцияларды жасайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы; 

28) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға – кеден өкілдерінің; кедендік тасымалдаушылардың; уақытша сақтау қоймалары, еркін қоймалар, кеден қоймалары, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлға;  

29) коммерциялық құжаттар – шот-фактура (инвойс), арнайы тізбелер, тиеу және орау парақтары мен сыртқы сауда және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты мәмілелерді жасауды растау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар; 

30) көліктік (тасымалдау) құжаттар – коносамент, жүк құжаты немесе тауарларды тасымалдау шартының бар екенін растайтын және мұндай тасымалдау кезінде оларға ілесіп жүретін өзге де құжат; 

31) көлік құралдары – кез келген су кемесін, әуе кемесін, автомобиль көлік құралын, тіркемені, жартылай тіркемені, теміржол көлік құралын (теміржол қозғалмалы құрамы, теміржол қозғалмалы құрамының бірлігі) немесе оларға арналған техникалық паспорттармен немесе техникалық формулярлармен көзделген қосалқы бөлшектері, керек-жарақтар мен жабдықтары, егер олар көрсетілген көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары, салқындату және өзге де техникалық сұйықтар бар контейнерді қамтитын тауарлар санаты; 

32) қазақстандық тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адам, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дара кәсіпкер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға; 

33) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша кеден органдары қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын қылмыстық құқық бұзушылықтар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша кеден органдары әкімшілік процесс жүргізетін (іс жүргізуді жүзеге асыратын) әкімшілік құқық бұзушылықтар; 

34) межелі кеден органы – қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтайтын кеден органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге де кеден органы; 

34-1) мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдер мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган; 

35) мынадай: 

қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қоспағанда, су кемелерін, әуе кемелерін және поездарды жүру жолында немесе аралық аялдама не тұрақ пункттерінде қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті;  

осы керек-жарақтардың сатылуына немесе сатылмауына қарамастан, өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін лихтерлер мен баржаларды (бұдан әрі – су кемелері) қоса алғанда, теңіз (өзен) кемелерінің, ішкі суларда жүзетін кемелердің, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелердің, су асты қанаттары бар кемелердің, ауа жастығындағы кемелердің және шағын көлемді кемелердің, әуе кемелерінің бортында жолаушылар мен экипаж мүшелерінің немесе поездарда жолаушылар мен поезд бригадасы қызметкерлерінің тұтынуына арналған; 

су кемелерінің, әуе кемелерінің бортында тұтыну мақсатынсыз, осы кемелердің жолаушылары мен экипаж мүшелеріне сатуға арналған керек-жарақтар – тауарлар; 

36) мүдделі тұлғалар – тауарларға қатысты мүдделері кеден органдарының шешімдерімен, іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) тікелей және жеке қозғалатын тұлғалар; 

37) өткізу пункті – теміржол, автомобиль, су не әуе қатынасының шегінде орналасқан, адамдарды, тауарлар мен көлік құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге арналған, кедендік инфрақұрылымы бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгіленген Кеден одағы кедендік шекарасының Қазақстан Республикасының аумағындағы учаскесі; 

37-1) өткізу пунктінің кедендік инфрақұрылым объектілері – бақылаушы органдардың жұмыс істеуіне, кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметтік қызмет көрсетуге, жеке тұлғаларды, тауарларды, көлік құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу үшін жағдайлар жасауға арналған үйлер, құрылыстар, ғимараттар, өткізу пунктінің аумақтары; 

38) пошта операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасына және (немесе) Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта қызметі саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға; 

39) салықтар – тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салығы және акциз (акциздер); 

40) тарифтік емес реттеу шаралары – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Комиссияның шешімдерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген сандық және экономикалық сипаттағы өзге де тыйым салу мен шектеулерді енгізу жолымен жүзеге асырылатын тауарлармен сыртқы сауданы реттеу шараларының кешені; 

41) тасымалдаушы – тауарларды және (немесе) жолаушыларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) Кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға; 

42) тауар – Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде ақпарат жеткізгіштер, Кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы және энергияның өзге де түрлері, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар; 

43) тауарларды алушы - тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге міндетті болатын, тауарлардың ілеспе құжаттарында көрсетілген тұлға; 

44) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу – тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу немесе тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкету; 

45) тауарларды шығару – кеден органдарының мүдделі тұлғаларға тауарларды мәлімделген кедендік рәсім талаптарына сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес пайдалануға рұқсат беретін әрекеті; 

46) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу – тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы белгіленген жерлерден тыс немесе осы жерлердегі кеден органдары жұмысының белгіленбеген уақытында, не кедендік бақылаудан жасырып, не тауарларды дұрыс декларацияламай немесе декларацияламай, не тауарлар туралы дұрыс емес мәліметтер бар құжаттарды пайдалана отырып және (немесе) жалған не басқа тауарларға жататын сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып өткізу, сол сияқты осылай өткізуге тырысу; 

47) тауарларға ілеспе құжаттар – Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға арналған коммерциялық және көлік құжаттары; 

48) тауар партиясы – кеден органына бір немесе бірнеше көлік құжаты бойынша бір мезгілде ұсынылатын және бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының атына жолданатын тауарлар, сондай-ақ бір почта жүкқұжаты бойынша жөнелтілетін не багаж ретінде бір тұлға өткізетін тауарлар; 

49) тұлға – жеке және (немесе) заңды тұлға, сондай-ақ, егер осы Кодекстен өзгеше туындамаса, заңды тұлға болып табылмайтын құрылым; 

50) тыйым салу мен шектеу – тарифтік емес реттеу шараларын, тауарлармен сыртқы саудаға қатысты және ұлттық мүдделердің негізінде енгізілетін шараларды, тауарлармен сыртқы саудадағы тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін, экспорттық бақылау, оның ішінде әскери мақсаттағы, техникалық реттеу өнімдеріне қатысты шараларды қамтитын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын шаралар кешені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Комиссияның шешімдерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік, фитосанитарлық және радиациялық талаптар; 

50-1) уәкілетті заңды тұлға – уәкілетті орган айқындаған, төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы заңды тұлға; 

51) халықаралық почта жөнелтімдері – Кеден одағының кедендік аумағының шегінен тыс жерге жөнелту үшін қабылданған, Кеден одағының кедендік аумағына келіп түсетін не осы аумақ арқылы транзитпен өтетін және Дүниежүзілік почта одағының актілерінде көзделген ілеспе құжаттары бар почта жөнелтімдері; 

52) халықаралық тасымалдың көлік құралдары – жүктерді тиеу, түсіруге, өңдеуге және қорғауға арналған арнайы жабдығы, материалдық-техникалық жабдықтау және жарақтандыру заттары, сондай-ақ көлік құралын жүру жолында жөндеуге, оған техникалық қызмет көрсетуге немесе оны пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері мен жабдығы бар, жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багаждарды халықаралық тасымалдауды бастау және (немесе) аяқтау мақсатында Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін немесе оның шегінен тыс жерге әкетілетін көлік құралдары; 

53) шартты шығару ? тауарларды пайдалану және билік ету жөніндегі шектеулерді сақтау шартымен тауарларды шығару; 

54) шетелдік тауарлар – Кеден одағының тауарлары болып табылмайтын тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес шетелдік тауарлар мәртебесін алған тауарлар; 

55) шетелдік тұлға – Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылмайтын тұлға; 

56) экспресс-жүк – халықаралық почта жөнелтімдерімен жөнелтілетін тауарларды қоспағанда, ұйымның электронды ақпараттық жүйесін және дара жүкқұжатқа сәйкес мүмкін болатын ең аз және (немесе) бекітілген уақыт аралығы ішінде аталған тауарларды алушыға дейін жеткізу мақсатында тасымалдауды қадағалауды пайдалана отырып, жылдамдықпен тасымалдау шеңберінде көліктің кез келген түрімен тасымалданатын тауар. 

57) электрондық құжат нысанындағы кедендік декларация – кедендік декларациялауға қажетті және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың негізінде декларант кеден органдарының ақпараттық жүйесінде көрсететін мәліметтердің жиынтығы. 

2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін өзге де ұғымдар осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мағынада пайдаланылады. 

3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасы азаматтық және басқа салалары заңнамасының терминдері, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының осы салаларында олар қалай пайдаланылса, сол мағынада пайдаланылады. 

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться