Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 40 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
40-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары

1. Мыналар: 

1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, оралымды басқаруында немесе жалға алынған, уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сай келетін: 

көлік құралдарының аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың қойма аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы; 

қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспаптарының болуы; 

техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы; 

тауарларды тексеріп қарау үшін орындардың, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған және соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған орындары бар жабық алаңдардың болуы; 

тексеріп қарау орны периметрі бойынша сары түсті бояумен белгіленген (сызылған) болуы және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс; 

жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон немесе асфальт төсемі болуға тиіс; 

аумақта қойма қызметіне байланысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен имараттар орналаспауға тиіс; 

жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір почта мекенжайы бойынша орналасуға және барлық периметрі бойынша бірыңғай үздіксіз қоршауы болуға тиіс үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың болуы; 

2) сақтауда тұрған басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан туындауы мүмкін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері шартта белгіленеді; 

3) кеден органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы; 

4) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532 – 534, 538, 539, 540, 552, 555, 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы; 

5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады. 

2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылатын болса, мұндай шарт уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кемінде бір жыл мерзімге берілген күнге жасалуға тиіс. 

Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться