Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
43-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін негіздер



Ст. 43 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV




1. Уақытша сақтау қоймасының иелерінің тізілімінен шығару үшін:

1) осы Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының сақталмауы;

2) уақытша сақтау қоймасы иесінің осы Кодекстің 44-бабының 1) – 5), 7) және 8) тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы;

3) уақытша сақтау қоймасы иесінің өзін уақытша сақтау қоймасы иесінің тізілімінен шығару туралы өтініші;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;

5) қайта құрылуды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.

2. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы шешім шығару себептері көрсетіле отырып, қызметі қойма құрылған аймақтағы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.

3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат аталған қойма иесіне жазбаша нысанда жіберіледі.

4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1)-4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайтадан берген өтінішін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қарайды.


Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...477 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 43-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV