Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 439 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
439-бап. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу және оларды кедендік тізілімнен алып тастау тәртібі

1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын (бұдан әрі - зияткерлік меншік объектілері) зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізуді құқық иеленушінің өтініші бойынша жүзеге асырады. 

2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде зияткерлік меншік объектілеріне өздерінің құқықтары бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деуге жеткілікті негіздері бар құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау туралы өтініш ұсынуға құқылы. 

3. Өтініште мынадай мәліметтер: 

1) өтініш берушінің зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы қолдаухаты; 

2) өтініш беруші туралы мәлімет; 

3) зияткерлік меншіктің тиісті объектілері туралы, құқық иеленушіге оның құқығын қорғауда кеден органдарының жәрдемі қажет болатын мерзім туралы ақпарат, оның ішінде электронды нысандағы ақпарат, сондай-ақ Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес бірінші алты таңба деңгейінде тауарлар коды көрсетіле отырып, зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы, кеден органдарына зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарын анықтауға мүмкiндiк беретiн құқық иеленушінің тауарлар туралы егжей-тегжейлі мәліметтері; 

4) егер тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауар болып табылмайтыны белгіленген жағдайларда, декларантқа және өзге адамдарға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ олар зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауар болып табылады деп болжанған зияткерлік меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы өтініш берушінің міндеттемесі болуға тиіс. 

4. Өтінішке зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілі екендігін растайтын (түпнұсқалар не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) құжаттар (куәлік, лицензиялық шарт, Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме, халықаралық тіркеу бойынша тауар таңбасының құқықтық мәртебесі туралы анықтама), құқық иеленушінің өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты, өтініш берушінің басқа тұлғаларға келтірген зияны үшін жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріледі.  

Бұл ретте сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен кем болмайды.  

Өтінiш берумен бiр мезгілде зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасы ұсынылады. 

Мүмкiндiгiнше зияткерлік меншiк объектiлерi бар тауарлардың және зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың үлгілері, оның ішінде олардың электрондық нысандағы бейнелері де ұсынылады. 

5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап, күнтізбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде оны қарайды және зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы шешім қабылдайды. 

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтiнiш берушi табыс еткен құжаттар мен мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру мақсатында үшiншi тұлғалардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдарынан табыс етілген мәлiметтердi растайтын құжаттарды сұратуға құқылы. Көрсетілген тұлғалар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары сауал салуды алған күннен бастап күнтізбелiк он күн ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органға сұратылған құжаттарды табыс етуге мiндетті. 

Үшінші тұлғаларға және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға сұрау салу жіберілген жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімін ұзартуға, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бұл ретте мерзімді осындай ұзарту туралы ақпарат өтініш берушіге үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. 

Кеден ісі саласындағы уәкілетті органының зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгiзу туралы шешiмi кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресiмделедi. 

Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізуден бас тарту туралы шешімі өтініш беруші толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер берген жағдайда, сондай-ақ өтініш беруші зияткерлік меншік құқықтарын бұза отырып, тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасын бермеген жағдайда қабылданады. 

Өтініш беруші кеден ісі саласындағы уәкілетті органның тиісті шешімі туралы жазбаша нысанда хабардар етіледі. 

6. Өтініште не оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш беруші ол туралы кеден ісі саласындағы кеден органына мәліметтер өзгерген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті. 

7. Зияткерлік меншiк объектілері: 

1) өтініш берушінің қолдаухаты бойынша; 

2) өтініш беруші көрсетілген зияткерлік меншiк объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы өтініш берген кезде толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер табыс еткен жағдайда; 

3) өтініш беруші осы баптың 6-тармағында белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайда; 

4) тиісті зияткерлік меншік объектілеріне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда; 

5) өтініш беруші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда кедендік тізілімнен шығарылуы мүмкін. 

Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен шығару туралы шешімі кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді. 

8. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіні тиісті зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімнен шығарылғандығы туралы үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді. 

9. Зияткерлік меншік объектілеріне құқық тоқтатылған жағдайда, құқық иеленуші бұл туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органды үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті. 

Ескерту. 439-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...437 438 439 440 441 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться