Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 44 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
44-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері

Уақытша сақтау қоймасының иесі: 

1) тауарларды уақытша сақтау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға; 

1-1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге; 

2) уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге; 

3) сақталатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға; 

4) уақытша сақтау қоймасының қызметкерлері болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкілеттігі жоқ бөгде адамдарды сақтауда тұрған тауарларға кеден органының рұқсатынсыз жібермеуге; 

5) сақтауда тұрған тауарларға кеден органы лауазымды адамдарының қол жетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға; 

6) уақытша сақтау қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда уақытша сақтау қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай шешім туралы хабарлауға; 

7) осы Кодекстің 270-бабында көзделген жағдайларда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауға; 

8) заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергендігі туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде хабардар етуге; 

9) уақытша сақтау қоймасына орналастыру үшін тауарларды көлік құралдарынан түсіру қажет болған кезде қоймаға орналастыру мақсаты үшін тасымалдаушы түсіру жұмыстарының басталуын тауарға ілеспе құжаттарды табыс еткен кезден бастап төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде қамтамасыз етуге міндетті. 

Уақытша сақтау қоймасының аумағы тек осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. 

Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 432-V (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться