Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 441 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
441-бап. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне және Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруы

1. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне және Кеден одағынамүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар кеден органдары Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың зияткерлiк меншiк құқықтары бұзылған тауарлар болып табылатын белгiлерiн анықтаған кезде, тауарларды шығаруды тоқтата тұруға құқылы. 

Осы бапқа сәйкес көрсетілген тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешімді және тауарларды шығаруды тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешімді кеден органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам жазбаша нысанда қабылдайды. 

2. Кеден органдары қорғалатын тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауарлардың шыққан жері орындарының атауларын қорғау жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік тіркеу тізілімдерінен алынатын ақпаратты пайдаланады. Көрсетілген тізілімдер жалпыға қолжетімді болып табылады, ресми интернет-ресурста, Қазақстан Республикасының зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органының веб-сайтында орналастырылады. 

Кеден органдарының авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын шығармаларға және объектiлерге құқықтарды қорғау жөнiндегi өкiлеттiктері Қазақстан Республикасының зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен өзара бiрлескен iс-қимыл арқылы жүзеге асырылады. 

3. Кеден органы тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленуші құқықтарының бұзылу белгілерін анықтаса, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды осы бапта көзделген тәртіпке сәйкес тоқтата тұрады және бұл туралы дереу құқық иеленуші мен декларантқа хабарлайды. Құқық иеленуші тиісті хабарламаны алғаннан кейін осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзімде кеден органына декларантқа қатысты қабылданған шаралар туралы жазбаша жауап жібереді. 

Құқықтары бұзылған болуы мүмкін тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы немесе авторлық құқық және сабақтас құқықтар құқық иесiнiң тұратын жерін анықтау үшiн кеден органы: 

тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлардың шыққан жерлерінің атаулары және оның құқық иеленушісі туралы ақпарат болмаған кезде, Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына зияткерлік меншік объектілерінің тиісті мемлекеттік тізілімдерінен тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлардың шыққан жерінің атаулары және оның құқық иеленушісі туралы мәліметтер беруі туралы сауал жолдайды және қажетті шаралар қолдану үшін құқық иеленушіге хабарлама жібереді; 

авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды тiркеудiң бар екендігін анықтау және құқық иеленушіні тиiстi шаралар қолдану қажеттiгi туралы одан әрi хабардар ету үшiн Қазақстан Республикасының зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органына сауал жiбередi. Сауалда кеден органы және оларға қатысты кеден органы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар қолданатын тауарлар туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс. 

Кеден органы және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы құқық иеленушінің тұрған жерін анықтау және оны жиырма төрт сағат ішінде хабардар ету жөнінде қажетті шаралар қолданады. 

Егер кеден органы жиырма төрт сағат ішінде құқық иеленушінің тұрған жерін анықтай алмаса, тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылуға тиіс, ал тауарлар осы Кодексте айқындалған тәртіппен дереу кедендік декларациялануға және шығарылуға жатады. 

4. Зияткерлiк меншiк объектілеріне құқықтардың бұзылу белгiлерi анықталған кезде құқық иеленушіні хабардар ету және тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың күшiн жою не мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдау үшiн тауарлардың шығарылуы үш жұмыс күнiне дейiн тоқтатыла тұрады. 

5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетiлген мерзiм iшiнде кеден органына құқық иеленуші: 

тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру мерзiмiн он жұмыс күнiне дейiн ұзарту туралы өтiнiштi табыс етпесе; 

тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешiмнiң күшiн жою туралы өтiнiштi табыс етсе, тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешiмнiң күшi жойылуға, ал тауарлар осы Кодексте айқындалған тәртiппен дереу кедендiк декларациялануға және шығарылуға жатады. 

6. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде кеден органына құқық иеленушіден тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы өтініш түссе, тауарларды шығару алғашқы тоқтата тұрған күннен бастап, он жұмыс күніне дейін тауарларды шығару тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда құқық иеленуші кеден органына мына құжаттарды: 

1) шығарылуы тоқтатыла тұрған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу фактісіне байланысты зияткерлік меншiк объектілеріне құқықтардың бұзылғандығы туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы судьяның анықтамасын; 

2) егер сот шешімімен тауарлар зияткерлік меншiк құқықтары бұзылмаған тауарлар екендігі анықталса, декларантқа және өзге тұлғаларға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы міндеттемесін; 

3) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға құқық иеленушінің көрсетілген тауарларды осы Кодекстің 439-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес зияткерлік меншiк объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы өтінішін растайтын жазбаша дәлелдемелерін табыс етуге міндетті. 

7. Құқық иеленуші осы баптың 6-тармағында белгіленген құжаттарды тауарлар шығаруды тоқтата тұрудың бастапқы күнінен бастап он жұмыс күні ішінде табыс еткен жағдайда, тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру мерзімі, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау мерзімі талап қою бойынша сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ұзартылады. 

Егер құқық иеленуші тауарларды шығаруды тоқтата тұрудың бастапқы күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы баптың 6-тармағында белгіленген ережені сақтамаса, кеден органы тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жояды және осы Кодексте анықталған тәртіппен тауарларды кедендік декларациялауды жүргізеді. Бұл ретте, тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрумен байланысты декларанттың және кеден органының шығындары он жұмыс күніне дейін құқық иеленушіге жүктеледі. 

8. Кеден органдары мен Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы арасындағы өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібі бірлескен актімен белгіленеді.

Статья 1 ...439 440 441 442 443 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться