Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 448 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
448-бап. Электр беру желілерімен өткізілетін тауарларды әкелу, әкету және кедендік декларациялау ерекшеліктері

1. Электр беру желілерімен (осы тарауда бұдан әрі – электр энергиясы) өткізілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және осы аумақтан әкетуге кеден органына кедендік декларация берілгенге дейін жол беріледі. Кедендік декларациялау кейін электр энергиясын ішкі тұтыну үшін шығарудың және экспорттың кедендік рәсімдерімен орналастыруға арналған кедендік декларацияны табыс ете отырып, тиісінше оны іс жүзінде жеткізудің күнтізбелік әрбір айынан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірілмей жүзеге асырылады. 

2. Кедендік декларацияны берген кезде кеден органына электр энергиясын іс жүзінде көрсету талап етілмейді. 

3. Кедендік декларациялауға электр энергиясының іс жүзінде әкелінген және әкетілген мөлшері жатады. Электр энергиясының мөлшері технологиялық келісілген және электр энергиясының өтуін белгілейтін жерлерде орнатылған есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің, тиісті сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша тауарларды іс жүзінде жеткізу туралы актілердің, тапсыру-қабылдау актілерінің және электр энергиясының сальдо-артық легі ретінде (кернеудің барлық сыныптарының барлық жұмыс істеп тұрған мемлекетаралық электр беру желілері бойынша қарсы бағыттардағы электр энергиясы артық легінің алгебралық сомасы) электр энергиясының іс жүзінде өтуін растайтын басқа да құжаттардың негізінде екі шектес мемлекеттің энергия жүйелері қатарлас жұмыс істеген жағдайларда әрбір күнтізбелік ай үшін айқындалады.  

Сальдо-артық легінің есептелген мәні Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық регламенттеріне және ұлттық стандарттарына сәйкес электр энергиясын өткізу кезінде орын алатын желілердегі электр энергиясының ысырабы көлеміне түзетіледі. 

Қосарлы жұмыс туралы шарт жасалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде электр энергиясын өткізетін тұлғалар энергия жүйелерінің қосарлы жұмысқа қосылғаны туралы осындай шартты табыс етіп және мемлекетаралық электр беру желілерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды. 

4. Бір сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша жеткізілетін электр энергиясы жеткізудің күнтізбелік бір айы ішінде тауарлардың бір партиясы ретінде декларацияланады. 

5. Энергия жүйелерінің қосарлы жұмысы кезінде электр энергиясының жоспардан тыс (технологиялық) артық легін кедендік декларациялау шаруашылық жүргізуші субъектілердің шарттарына сәйкес ресімделген, электр энергиясының жоспардан тыс (технологиялық) артық легінің мөлшері көрсетілген электр энергиясын іс жүзінде жеткізу туралы актілерге қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Бұл ретте, тауарларға декларация беру мерзімі оны іс жүзінде жеткізудің күнтізбелік айы аяқталғаннан кейін күнтізбелік екі айдан аспауға тиіс. 

6. Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 449-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының не шектес мемлекеттің аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады. 

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 449-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының не шектес мемлекеттің аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады

Статья 1 ...446 447 448 449 450 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться