Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 467 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
467-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау

1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілген кезде кеден органына тауарларды бір мезгілде көрсете отырып жүзеге асырады. 

2. Жазбаша нысанда кедендік декларациялауға: 

1) иесіз жөнелтілетін багажда немесе тасымалдаушы жеке тұлғаның мекенжайына жеткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарлар; 

2) тарифтік емес және техникалық реттеу шараларынан басқа, оларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар; 

3) кез келген тәсілмен өткізілетін, оның ішінде құны және (немесе) саны Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында белгіленген, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатыла отырып мұндай тауарларды өткізу нормаларынан асатын, уақытша әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар; 

4) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, Кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілетін және мұндай аумаққа қайта әкелінетін, кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары; 

5) Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) халықаралық шартында белгіленген жағдайларда, Кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар; 

6) мәдени құндылықтар; 

7) иесімен жөнелтіліп әкелінетін багажда, егер оларды өткізетін жеке тұлғада иесіз жөнелтілген багаж болса, жеке пайдалануға арналған тауарлар; 

8) Кеден одағының кеден заңнамасында айқындалған өзге де тауарлар жатады. 

3. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау жолаушының кедендік декларациясы қолданыла отырып, жазбаша нысанда жүргізіледі. 

Жолаушының кедендік декларациясының нысаны, оны толтыру, беру және тіркеу тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады. 

4. Жеке тұлға өз қалауы бойынша жолаушының кедендік декларациясын қолдана отырып, жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендік декларациялау жүргізуге құқылы. 

5. Он алты жасқа толмаған жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларын кедендік декларациялауды, оны алып жүретін тұлға (ата-анасының бірі, осы тұлғаны асырап алушы, қорғаншысы немесе қамқоршысы, оны алып жүретін өзге де тұлға не алып жүретін тұлғалар болмаған кезде тасымалдаушының өкілі, ал ата-аналарының, асырап алушылары, қорғаншылары немесе қамқоршылары алып жүрмей, кәмелеттік жасқа толмаған адамдар тобының ұйымдасып шығуы (кіруі) кезінде – топ жетекшісі не тасымалдаушының өкілі) жүргізеді. 

6. Қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) салынған табыттарды және мәйіті (күлі) салынған сауыттарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік декларациялауды қайтыс болған адамның денесі (сүйектері) салынған табытты немесе мәйіті (күлі) салынған сауыттарды алып жүретін тұлға осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген құжаттарды табыс ете отырып, еркін нысанда өтініш беру жолымен жүзеге асырады. 

Қайтыс болғандардың мәйіті (күлі) салынған сауыттарды және денесі (сүйектері) салынған табыттарды Кеден одағының кедендік шекарасынан әкету кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі: 

1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтық хал актілерін тіркеу үшін белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерінің жазу бөлімдері беретін, өлгені туралы куәлік не өлгені туралы медициналық куәлік не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері; 

2) қайта көмген жағдайда, эксгумация мүмкіндігі туралы жергілікті мемлекеттік санитариялық қадағалау органдарының еркін нысанда жазылған қорытындысы; 

3) мырыш табыттарын дәнекерлеу жөніндегі жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның оларда бөгде салымдардың жоқтығын көрсете отырып, қайтыс болған адамның заттары мен құндылықтары қайтыс болған адамның денесімен (сүйектерімен) бірге жөнелтілген жағдайда, олардың тізімдемесі қоса беріле отырып, еркін нысанда жазылған актісі (анықтамасы) табыс етіледі; 

Қайтыс болғандардың мәйіті (күлі) салынған сауыттарды және денелері (сүйектері) салынған табыттарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде мынадай құжаттар: 

1) өлгені туралы жөнелтуші елдің уәкілетті мекемесі берген куәлік не өлгені туралы медициналық куәлік немесе осы құжаттардың көшірмелері; 

2) мырыш табыттарын дәнекерлеу жөніндегі жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын ұйымның оларда бөгде салымдардың жоқтығын көрсете отырып, қайтыс болған адамның заттары мен құндылықтары қайтыс болған адамның денесімен (сүйектерімен) бірге жөнелтілген жағдайда, олардың тізімдемесі қоса беріле отырып, еркін нысанда жазылған актісі (анықтамасы) табыс етіледі. 

Ескерту. 467-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...465 466 467 468 469 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться