Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 468 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
468-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау кезінде құжаттарды табыс ету

1. Жолаушылар кедендік декларациясын беру кеден органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың табыс етілуімен ілесе жүруге тиіс. 

Мұндай құжаттарға: 

1) жеке басын куәландыратын құжаттар (оның ішінде кәмелетке толмаған адамның); 

2) кәмелетке толмаған адамның асырап алынғаны, қорғаншылығын, қамқоршылығын растайтын құжаттар; 

3) декларацияланатын жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растайтын құжаттар; 

4) көлік (тасымалдау) құжаттары; 

5) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерге құқықты растайтын, оның ішінде жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша әкелуін (әкетуін) растайтын, сондай-ақ жеке тұлғаны босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тұрақты тұруға қоныс аударушы деп тануды растайтын құжаттар; 

6) тарифтік емес және техникалық реттеу шараларынан басқа, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар; 

7) жеке пайдалануға арналған көлік құралын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер бар құжаттар; 

8) жеке пайдалануға арналған көлік құралын иемдену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын құжаттар; 

9) Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес табыс етілуі көзделген басқа да құжаттар мен мәліметтер жатады. 

2. Иесіз жөнелтілетін багажбен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша оның Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі кезінде жеке тұлғаға берілген, кеден органы ресімдеген жолаушылар кедендік декларациясының данасы табыс етіледі. 

Жолаушылар кедендік декларациясын жоғалту себебі бойынша немесе өзге де себептер бойынша оны табыс етпеген кезде, егер жеке тұлға басқаша дәлелдей алмаса, иесіз жөнелтілетін багажбен әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатылған тауарларды әкелудің құндық, сандық, салмақтық нормаларынан асыра әкелінген тауарлар ретінде қарастырылады.
Статья 1 ...466 467 468 469 470 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться