Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 48 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
48-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі

1. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылады.  

Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат нысанында беруге құқылы. 

2. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Өтінішті қызмет аймағында қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды. 

4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді. 

Қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш беруші кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың: 

1) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың; 

2) кеден қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарларының, сызбаларының; 

3) қажетті тиеу-түсіру механизмдері мен арнаулы техниканы, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығын, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабын иелену құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. 

Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі. 

5. Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді. 

6. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодекстің 47-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайларда қабылданады. 

Аталған бұзушылықтарды өтініш беруші жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады. 

7. Тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартылған жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді. 

Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

Статья 1 ...46 47 48 49 50 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться