Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
51-бап. Кеден қоймасы иесінің міндеттері



Ст. 51 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кеден қоймасының иесі:

1) кеден қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;

2) кеден қоймасында тауарларды сақтауға қатысты осы Кодексте белгіленген шарттар мен талаптарды сақтауға;

3) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

4) кеден қоймасында сақтауда тұрған тауарлардың есебін жүргізуге және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;

5) кеден қоймасының қызметкерлері болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкілеттігі жоқ бөгде адамдарды сақтауда тұрған тауарларға кеден органының рұқсатынсыз жібермеуге;

6) сақтауда тұрған тауарларға кеден органы лауазымды адамдарының қол жетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;

7) кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай шешім туралы хабарлауға;

8) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жоғалуын қоспағанда, оларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз тауарларды берген жағдайда осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер туындаған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлеуге;

9) заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергендігі туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

Кеден қоймасының аумағы тек осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...477 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 51-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV