Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР кеден iсi туралы
63-1-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері



Ст. 63-1 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV




Уәкілетті экономикалық оператор:

1) уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру кезінде қойылған талаптар мен Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға;

2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу кезінде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені және (немесе) толықтырылғаны туралы мұндай өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды растайтын тиісті құжаттарды ұсыну арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға міндетті.

Осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген меншікті капиталдың азайғаны туралы ақпарат Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бухгалтерлік баланс түрінде табыс етіледі;

3) кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында қажетті ақпаратты және есептілікті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен табыс етуге;

4) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аяқталған кезде мұндай мерзім аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органға көрсетілген бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы құжаттарды не кедендік баждарды, салықтарды төлеуді жаңа бас қамтамасыз етуді табыс етуге міндетті.

Ескерту. 6-тарау 63-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...62 63 63-1 64 65 ...477 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 63-1-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV