Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
66-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпараттарды табыс ету



Ст. 66 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Уәкілетті экономикалық операторлар, тасымалдаушылар, оның ішінде кедендік тасымалдаушылар, кеден өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар кеден органдарына Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі көзделген тауарлар, мұндай тауарларды өткізетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың әкеліну немесе мұндай аумақтан әкетілу уақыты мен орны, Кеден одағының кедендік аумағына келетін немесе мұндай аумақтан кететін жолаушылар туралы алдын ала ақпараттарды электронды түрде табыс ете алады.

2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің, шет мемлекеттердің кеден органдарымен (қызметтерімен) алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

3. Кеден органдарына алдын ала ақпаратты міндетті түрде ұсыну жағдайлары, оны ұсыну көлемі, тәртібі және кедендік мақсаттар үшін пайдалану тәртібі Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.

Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...64 65 66 66-1 67 ...477 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 66-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV