Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 78 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
78-бап. Тауарларды сыныптау

1. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде олар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша сыныпталуға жатады.

2. Кеден декларациясында мәлімделген тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді, бақылау-өткізу пункттерінің және мамандандырылған кедендік мекемелердің лауазымды адамдарын қоспағанда, кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалатын жағдайларда, тауарларды шығарғанға дейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.

Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы осы Кодекстің 21 және 24-тарауларында белгіленген тәртіппен жүргізілетін тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.

2-1. Тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланыла отырып қабылданған тауарларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау, егер кеден органы кедендік тексеру барысында:

1) кедендік декларациялау кезінде декларант ұсынған құжаттарда тауарларды дұрыс сыныптамауға ықпал еткен анық емес не толық емес мәліметтер бар екенін анықтаған;

2) тауарлар шығарылғанға дейін кеден органының лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісін анықтаған жағдайларда тауарлар шығарылғаннан кейін жүзеге асырылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда тауарлардың коды өзгертілген кезде, кеден органы қайта қараған, тауарларды сыныптау жөніндегі шешімді қабылдау күні кедендік баждар мен салықтарды төлеудің басталу мерзімі деп есептеледі.

Кеден органының тауарлар шығарылғанға дейін қабылдаған тауарларды сыныптау жөніндегі шешімінің күші тауарлар шығарылғаннан кейін қабылданған, кеден органының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімді қабылдау күнінен бастап тоқтатылады.

3. Тауарларды шығарғанға дейін де, оларды шығарғаннан кейін де тауарлардың дұрыс сыныпталмауы анықталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында айқындалған кеден органының лауазымды адамы тауарларды сыныптауды жүзеге асырады және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдайды.

4. Тауарларды сыныптау деп қарастырылатын тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша нақты тауарлық позицияларға, субпозицияларға және кіші субпозицияларға кезең-кезеңмен жатқызу түсініледі.

Тауарларды сыныптау мына негізгі критерийлердің:

1) тауар орындайтын функция;

2) тауар жасалған материал негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте, тауарлардың өңделу дәрежесін ескере отырып, оларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсініктеме берудің негізгі ережелерін және бөлімдерге, топтарға ескертпелерді (оның ішінде тауарлық позицияларға, субпозицияларға ескертпелерді), сондай-ақ ерекше сыныптау мәселелерін түсіндіретін қосымша ескертпелерді қолдану негізінде тауарлық субпозицияларға бірдей жатқызу принципі сақталады.

5. Тауарларды сыныптау кезінде кеден органдары, декларанттар немесе кеден өкілдері түсініктеме берудің негізгі ережелерін; бөлімдерге, топтарға, позицияларға ескертпелерді; Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсініктемені; Дүниежүзілік кеден ұйымының Үйлестірілген жүйесі жөніндегі комитетінің Сыныптау бойынша пікірлер компендиумін; кеден ісі саласындағы уәкілетті органның тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешімдерінің электрондық базасын; Комиссияның және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау бойынша түсініктемесін қолданады.

6. Тауарларды сыныптау кезінде кеден органдары декларант табыс еткен жөнелтуші елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін, егер декларант мұны табыс ете алатын жағдайда, тәуелсіз сарапшы ұйымдардың қорытындыларын, анықтамаларын, сондай-ақ тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерді назарға алады.

7. Кедендік декларациялау үшін кедендік декларация берген кезде декларант Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарды сыныптайды және кедендік декларацияда тауардың кодын мәлімдейді.

8. Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде декларант кедендік декларацияда тауарлардың кодын дұрыс мәлімдеген болса, онда кеден органының лауазымды адамы қосымша құжаттарды табыс етуді сұрамай, тауарлардың сыныпталуы бойынша мәліметтерді тексеруді аяқтайды.

9. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарлардың дұрыс сыныпталмауы анықталған жағдайда, кеден органының лауазымды адамы тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдау үшін бір жұмыс күні ішінде декларанттан қосымша құжаттарды жазбаша сұрайды.

Қосымша құжаттар декларантты жазбаша хабардар еткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылады.

Кеден органы декларант сұрау салынған құжаттарды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім шығарады және бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны декларантқа поштамен жібереді.

10. Декларант сұрау салынатын қосымша құжаттарды осы Кодекстің 297-бабында белгіленген мерзімдерде ұсынбаған кезде, кеден органы тауарларды шығаруды кеден органы есептеген кедендiк баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда жүзеге асырады.

Бұл ретте кедендiк баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тауарларды сыныптау жөніндегі шешімді қабылдау нәтижелері бойынша қосымша есепке жазылуы мүмкін кедендiк баждардың, салықтардың сомасы ретінде осы Кодекстің 16-тарауында айқындалады.

Егер декларант кеден органы сұрау салатын қосымша құжаттарды, мәліметтерді және (немесе) олардың ұсынылмау себептерінің түсініктемесін ұсынбаса не ұсынылған мәліметтер тауарларды сыныптау жөніндегі шешімді қабылдау үшін негіздерді жоймаса, кеден органы өзінде бар ақпараттың негізінде тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдайды.

Кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тауарлар шығарылған күннен бастап күнтізбелік қырық күн мерзімнен кем болмауға тиіс.

11. Декларант кеден органының тауарларды сыныптау жөнiндегi шешiмiмен келiскен жағдайда, декларант кедендiк декларацияда мәлiмделген мәлiметтердi осы Кодекстiң 289-бабына сәйкес өзгертуге немесе толықтыруға тиiс.

Декларант Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кедендік декларацияға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізбеген жағдайда, кедендік декларацияға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуді және төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтарды қайта есептеуді кеден органы жүзеге асырады.

12. Кеден органының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімі екі дана етіп ресімделеді және оған тауарларды кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қояды.

13. Кеден органының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімінің орындалуы міндетті болып табылады.

14. Кеден органы қабылдаған тауарларды сыныптау жөніндегі шешіммен келіспеген жағдайда, декларант немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға не олардың өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органының немесе кеден органы лауазымды адамының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.

15. Тауарларды сыныптау жөніндегі шешімге шағым жасалған кезде шағым жасаған тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын, тауарлардың сынамасын және үлгілерін, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және тауарларды бірдей сыныптауға мүмкіндік беретін ақпаратты ұсынады.

16. Кеден органдарының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімдерінің бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады, олардың типографиялық тәсілмен орындалған, кеден органының кодын қамтитын есептік сериясы және нөмірі болады.

16-1. Кеден органы тауарлар шығарылғаннан кейін қабылдаған тауарларды сыныптау жөніндегі шешім:

1) табыс етілген қосымша құжаттардың негізінде не осы баптың 10-тармағына сәйкес мұндай құжаттар табыс етілмеген кезде – осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей;

2) кедендік тексеру шеңберінде – кедендік тексеру актісімен бір мезгілде декларантқа жіберіледі.

17. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы тарауға сәйкес тауарларды сыныптау жөнінде алдын ала шешімдер қабылдайды және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында жариялауды қамтамасыз ете отырып, тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау бойынша түсіндірулер береді.

Тауарларды сыныптау жөнінде алдын ала шешімдер тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында декларациялау кезінде міндетті болып табылады.

18. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімдердің деректер қорын жүргізуді жүзеге асырады.

Ескерту. 78-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...76 77 78 79 80 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться