Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 82 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
82-бап. Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтару

1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өзі қабылдаған алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы шешім қабылдай алады. 

Алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы шешім өтініш берушіге алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі. 

2. Егер кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш беруші алдын ала шешімді қабылдау үшін жалған немесе қолдан жасалған құжаттар, дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтер ұсынғанын анықтаса, алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданады.  

Алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім осындай алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді. 

3. Алдын ала шешімді өзгерту: 

кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі немесе өтініш беруші алдын ала шешім қабылдау кезінде жіберілген кемшіліктерді анықтаған; 

Комиссия тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау жөнінде шешімдер немесе түсініктемелер қабылдаған жағдайларда жүргізіледі. 

Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң алдын ала шешiмдi өзгерту туралы шешiмi қабылданған күнінен бастап күшiне енедi. 

4. Алдын ала шешім: 

соларға қатысты алдын ала шешім қабылданған тауарлардың сыныпталуына әсер ететін Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізілген;  

Дүниежүзілік кеден ұйымы Кеден одағына мүше мемлекеттер қолданатын тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдаған; 

Комиссия тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау жөнінде шешімдер немесе түсініктемелер қабылдаған жағдайларда қайтарып алынады. 

Алдын ала шешімді қайтарып алу туралы шешімді кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Комиссияның шешімдері мен түсініктемелері жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдайды және осындай шешімдермен бір мезгілде күшіне енеді. 

5. Алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату, оны өзгерту немесе қайтарып алу туралы шешім осындай шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей кеден органдарының назарына жеткізіледі. 

6. Мынадай: 

1) Комиссия жекелеген тауар түрлерін сыныптау жөнінде шешімдер мен түсіндірулерді қабылдаған; 

2) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері қабылдаған алдын ала шешімдерде жол берілген қателер анықталған жағдайларда, алдын ала шешімді өзгерту туралы шешім қабылданған күн кедендік баждар мен салықтарды төлеу мерзімі деп есептеледі. 

Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...80 81 82 83 84 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться