Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 96 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
96-бап. Тауарлардың шығарылған елді айқындау кезінде оларды кедендік рәсімдермен орналастырудың қосымша шарттары

1. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмаған кезде, егер оларды табыс ету тарифтік преференциялар беру үшін міндетті болып табылса, осындай тауарларға қатысты осы баптың 2- тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, басқа мемлекеттерге (мемлекеттер топтарына) берілетін режимнен қолайлылығы кем емес режим (бұдан әрі – ұлтқа неғұрлым қолайлы режим) беру туралы өзара шарттық міндеттемелері бар шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) аумағынан шығарылған тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждар төлеуге жатады. 

2. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмаған өзге де жағдайларда не табыс етілген құжаттардың тиісті тұрғыда ресімделмеген белгілері табылған және (немесе) тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар немесе нақтылайтын мәліметтер табыс етілгенге дейін дұрыс емес мәліметтері бар болған жағдайда: 

1) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі онымен ұлтқа ең қолайлы режимді беру туралы өзара шарттық міндеттемелер жоқ шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) болып табылатын белгілерін анықтаса, тауарларға қатысты ұлтқа ең қолайлы режимді беру туралы өзара шарттық міндеттемелер жоқ шет мемлекеттің (шет мемлекеттері топтарының) аумағынан шығарылған тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеуге жатады, не көрсетілген ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады; 

2) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі тауарларды әкелуге шектеу қойылған ел болып табылатынын көрсететін белгілерді анықтаса, декларант белгіленген шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттарды табыс еткен немесе арнайы, демпингке қарсы не өтемдік бажды төлеуді қамтамасыз еткен жағдайда кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру жүзеге асырылады. Арнайы, демпингке қарсы баждың не өтемдік баждың төленуін қамтамасыз ету, әкелінетін кедендік баждардың төленуін қамтамасыз ету үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі; 

3) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі, оның тауарлары Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған ел екенін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда, кедендік ресімдеуге тауарларды орналастыру жүзеге асырылмайды. 

3. Осы баптың 1-тармағында және 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы тауарлардың шығарылған елі расталған жағдайда, тарифтік преференциялар беру режимі немесе ұлтқа ең қолайлы режим қолданылады (қалпына келтіріледі). Бұл жағдайда кедендік әкелу баждарының төленген сомалары осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады. 

11-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕНДІК ҚҰНЫ

Статья 1 ...94 95 96 97 98 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться