Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 340 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
340-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде қос дәліз жүйесін қолдану

1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында қос дәліз жүйесі қолданылуы мүмкін. 

"Жасыл" дәліз Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында арнайы белгіленген, кедендік декларациялауға жатпайтын, иесімен бірге жөнелтілетін багаждағы жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге арналған орын болып табылады. 

"Қызыл" дәліз Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында арнайы белгіленген, кедендік декларациялауға жататын, иесімен бірге жөнелтілетін багаждағы жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ жеке тұлғаның қалауы бойынша оларға қатысты кедендік декларациялау жүзеге асырылатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге арналған орын болып табылады.  

2. Қос дәліз жүйесін қолдану Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау (жасамау) үшін тиісті дәлізді ("қызыл" немесе "жасыл") өзі дербес таңдауын көздейді. 

3. "Жасыл" дәлізге кіру (келу) сызығынан жеке тұлғаның өтуі кедендік декларациялауға жататын тауарлардың жоқтығы туралы жеке тұлғаның мәлімдеуі болып табылады. 

4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарындағы қос дәліз жүйесін жайластыруға қойылатын талаптарды Комиссия айқындайды. 

5. Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді. 

6. Қос дәліз жүйесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында ұйымдастырылған ресми тұлғалар мен делегациялар залдарында қолданылмауы мүмкін.  

7. Кедендік бақылаудың жекелеген нысандарының "жасыл" дәлізде қолданылмауы жеке тұлғаның Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау міндетінен босатылатынын білдірмейді. 

8. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында қалыптасқан жедел жағдайлар ескеріле отырып, кеден органының шешімі бойынша айрықша жағдайларда қос дәліз жүйесі уақытша қолданылмауы мүмкін. 

9. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында қос дәліз жүйесінің қолданылмауы осы тарауға сәйкес жеке тұлғаны кедендік декларациялауға жатпайтын тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыруға міндеттеуге алып келмейді, сондай-ақ жеке тұлғаны кедендік декларациялауға жататын тауарларды декларациялау қажеттілігінен босатпайды.
Статья 1 ...338 339 340 341 342 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться