Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 484 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
484-бап. Кеден ісі саласындағы тұлғалар қызметінің ерекшеліктері

1. Кеден органдары бақылайтын және Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен реттелетін, тұлғалардың кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, кеден қоймаларының иелері, еркін қоймалардың иелері және бажсыз сауда дүкендерінің иелері ретінде қызметтер көрсетуге байланысты қызметі кеден ісі саласындағы тұлғалар қызметінің (бұдан әрі осы тарауда - кеден ісі саласындағы қызмет) ерекшеліктері болып табылады. 

2. Кеден ісі саласындағы қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және кеден органы тиісінше кеден өкілдерінің тізіліміне, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне (бұдан әрі осы тарауда – кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдері) енгізген заңды тұлғалар жүзеге асыруға құқылы.  

3. Кеден органының кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізу шарттары мен тәртібі, оларға енгізілген заңды тұлғаларды бұл тізілімдерден алып тастау негіздері, осындай тізілімдерге өзгерістер енгізу тәртібі, оларға енгізілген заңды тұлғаларды бұл тізілімдерден алып тастау тәртібі, сондай-ақ мұндай тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі кеден ісі саласындағы әрбір қызмет түріне қатысты осы Кодексте айқындалады. 

4. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізуге үміткер заңды тұлғаларға қатысты оларға енгізу шарттарының сақталуын тексеру кезінде, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізілген заңды тұлғалардың қызметін бақылау кезінде осы Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандары және кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар қолданылуы мүмкін.
Статья 1 ...482 483 484 485 486 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться