Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 67 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
67-бап. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есепке жазулар

1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын олармен жасалған мәміленің құны бойынша айқындау кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға мынадай қосымша есепке жазулар қосылады: 

1) сатып алушы жүзеге асырған немесе оның жүзеге асыруына жататын, бірақ өздеріне: 

сатып алушының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерде әкелінетін тауарларды өзінің атынан сатып алуға байланысты қызметтер көрсеткені үшін өз агентіне (делдалына) төлейтін сатып алғаны үшін сыйақыны қоспағанда, делдалдарға (агенттерге) берілетін сыйақы және брокерлерге берілетін сыйақы; 

егер кедендік мақсаттар үшін ол әкелінетін тауарлармен біртұтас ретінде қарастырылса, ыдысқа арналған шығыстар; 

әкелінетін тауарларды қаптауға арналған шығыстар, оның ішінде қаптама материалдарының және қаптау жұмыстардың құны жататын, әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосылмаған мөлшердегі шығыстар; 

2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін әкелінетін тауарларды өндіруге және сатуға байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде тегін немесе төмендетілген бағамен ұсынған мынадай тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің: 

әкелінетін тауарлар өндірілген (тұратын) шикізаттың, материалдардың, детальдардың, жартылай фабрикаттар мен өзге тауарлардың; 

әкелінетін тауарларды өндіру кезінде пайдаланылған құралдардың, мөртабандардың, қалыптар мен соған ұқсас өзге де тауарлардың; 

әкелінетін тауарларды өндіру кезінде жұмсалған материалдардың; 

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде орындалған және әкелінетін тауарларды өндіру үшін қажетті жобалаудың, әзірлеудің, инженерлік, конструкторлық жұмыстың, көркемдік әрлеудің, дизайнның, эскиздер мен сызбалардың әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшерде тиісті түрде бөлінген құны; 

3) әкелінетін тауарларды кейіннен сату, оларға өзгеше тәсілмен билік ету немесе оларды пайдалану нәтижесінде алынған кірістің (табыстың) сатушыға тікелей немесе жанама түрде тиесілі бір бөлігі; 

4) әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келу орнына дейін, ал егер Комиссия тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне және осындай тасымалдау (тасу) ерекшеліктеріне қарай өзге орындарды айқындаса – осындай тауарларды Комиссия айқындаған орынға дейін тасымалдауға (тасуға) арналған шығыстар; 

5) әкелінетін тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келу орнына дейін, ал егер Комиссия әкелінетін тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне және оларды тасымалдау (тасу) ерекшеліктеріне қарай өзге орындарды айқындаса – осындай тауарларды Комиссия айқындаған орынға дейін тасымалдауға (тасуға) байланысты өзге операцияларды жүргізуге арналған шығыстар; 

6) осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыру шығыстары; 

7) әкелінетін тауарларға қатысты және осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшерде, әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сату шарты ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама түрде жүргізген немесе жүргізуге тиіс роялтиді, патенттер, тауар белгілері, авторлық құқықтар үшін төлемдерді қоса алғанда, зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге ұқсас төлемдер.  

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде: 

а) әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндіру (көбейту) құқығы үшін төлемдер; 

б) егер әкелінетін тауарларды бөлу немесе қайта сату құқығы үшін төлемдер әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатудың шарты болып табылмаса, мұндай төлемдер іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосылмауға тиіс. 

2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құны, олар іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағадан бөлінген, декларант мәлімдеген және ол құжатпен растаған жағдайда, мына шығыстарды: 

1) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгеннен кейін өнеркәсіптік қондырғылар, машиналар немесе жабдық сияқты осындай тауарларға қатысты жүргізілетін салуға, тұрғызуға, құрастыруға, монтаждауға, қызмет көрсетуге немесе техникалық көмек көрсетуге арналған шығыстарды; 

2) әкелінетін тауарларды келу орнынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына дейін, ал егер Комиссия тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне және осындай тасымалдау (тасу) ерекшеліктеріне қарай өзге орындарды айқындаса – Комиссия айқындаған орынға дейін осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдауға (тасуға) арналған шығыстарды; 

3) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатуға байланысты төленетін баждарды, салықтар мен алымдарды қамтымауға тиіс. 

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есепке жазулар анық, саны жағынан айқындалатын және құжатпен расталған ақпараттың негізінде жүргізіледі. Мұндай ақпарат болмаған кезде әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс (1-әдіс) қолданылмайды. 

4. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осындай тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерден басқа қосымша есепке жазулар жүргізілмейді. 

5. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есепке жазулар жүзеге асырылған кезде: 

1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген тауарлардың құнын бөлу осы құнның бәрін тауарлардың бірінші партиясының кедендік құнына немесе декларант айқындаған, декларацияланатын тауарлардың санынан кем бола алмайтын өзге тауарлар санының кедендік құнына жатқызу жолымен жүргізіледі. Мұндай бөлу декларантта бар құжаттарға қарай және жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есепке алу қағидаттарына сәйкес нақты мән-жайларға қолданылатын, ақылға сыйымды тәсілмен жүргізілуге тиіс. Бұл ретте, егер сатып алушы тауарларды сатып алушымен өзара байланысты тұлға болып табылмайтын сатушыдан сатып алса, оларды сатып алуға арналған шығыстар не егер тауарларды сатып алушы өндірсе, оларды дайындауға арналған шығыстар көрсетілген тауарлардың құны болып танылады. Егер сатып алушы көрсетілген тауарларды бұрын осы сатып алушының сатып алғанына немесе өндіргеніне қарамастан, пайдаланған жағдайда, сатып алудың немесе өндірудің бастапқы бағасы осы тауарлардың пайдаланылуын ескере отырып, құнын алу (айқындау) мақсатында азайтылуға тиіс; 

2) сатып алушы берген және осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген, сатып алушы сатып алған немесе жалға алған тауарларға, сатып алған көрсетілетін қызметтерге қатысты қосымша есепке жазулар осындай тауарларды сатып алуға немесе жалға алуға, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар бөлігінде жүзеге асырылады. Егер сатып алушы мемлекеттік меншіктегі тауарларды берсе, қосымша есепке жазулар осындай тауарлардың көшірмелерін алу құны (шығасылары) бөлігінде жүзеге асырылады. 

6. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген қосымша есепке жазулар жүзеге асырылған кезде, тікелей тауарлардың құнынан бөлек, егер осылай көзделген болса, оларды қайтаруды қоса алғанда, оларды сатушыға беруге (жеткізуге) байланысты барлық шығыстар есепке алынады.
Статья 1 ...65 66 67 68 69 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться