Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
8-бап. Тыйым салулар мен шектеулерді сақтау

1. Тауарлар тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) кедендік рәсімдермен орналастырылады. 

2. Тарифтік емес реттеу шараларын, оның ішінде біржақты тәртіппен енгізілетін тарифтік емес реттеу шараларының және техникалық реттеу шараларының сақталуы – Одақ туралы шартқа сәйкес Комиссия айқындаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен, ал өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шараларының, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шаралардың сақталуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған жағдайларда және тәртіппен осындай шаралардың сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну арқылы расталады. 

Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі бірлескен актімен айқындалады. 

3. Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптардың сақталуы Одақ туралы шартта және оған сәйкес қабылданған Комиссияның актілерінде белгіленген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық, радиациялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша расталады. 

4. Жеке тұлғалардың Одақ туралы шартта көзделген, өздеріне Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету ерекшеліктерін Комиссия айқындайды. 

5. Егер тыйым салулар мен шектеулерді белгілейтін актілерде олардың сақталуын растау жағдайлары және (немесе) тәртібі айқындалмаған болса, осындай тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде, сондай-ақ тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде расталады. 

6. Егер халықаралық пошта жөнелтілімдері: 

1) келу орнынан халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарлармен кедендік операциялар жасау орнына дейін; 

2) келу орнынан кету орнына дейін тасымалданса, оларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде декларанттарға тыйым салулар мен шектеулерді сақтау жөніндегі міндет жүктелмейді. 

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться