Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Техникалық реттеу туралы
10-бап. Ақпарат орталығы



Ст. 10 Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603



1. Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша:

1) қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердің сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы халықаралық екiжақты және көпжақты сипаттағы шарттарға мүшелiгi немесе қатысуы;

3) әзiрленiп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері жобаларының жариялану көздерi туралы немесе олар жөніндегі ақпарат туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат хабарлама түрінде уәкілетті органның ресми баспа басылымында және ортақ пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде орналастырылады. Хабарламаның нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

11-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...8-1 9 10 11 12 ...47 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603