Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Техникалық реттеу туралы

Техникалық реттеу туралы
20-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттары



Ст. 20 Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603



1. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға:

1) халықаралық стандарттар;

2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдар;

3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;

4) ұйымдар стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi ұсынымдары;

6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;

7) үкіметтік емес стандарт;

8) консорциум стандарты;

9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.

2. Ұйым стандарттарын, консорциум стандарттарын және әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды қоспағанда, осы бапта көрсетілген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 21-1 ...47 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603