Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Техникалық реттеу туралы
21-2-бап. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары



Ст. 21-2 Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603




1. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.

2. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттарында белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.

3. Үкіметтік емес стандарттар ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарды қайталамауға тиіс және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді болуға тиіс.

4. Консорциум стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін консорциум айқындайды.

5. Үкіметтік емес стандарттарды республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.

Ескерту. 3-тарау 21-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...21 21-1 21-2 22 23 ...47 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-2-бап Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603