Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Техникалық реттеу туралы
23-бап. Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөнiндегi ұсынымдар

Ст. 23 Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Ұйымдардың стандарттарын техникалық реттеу объектілеріне, оның ішінде өнімнің құрамдас бөліктеріне, терминологияға, қабылдау және бақылау жүйесіне, технологиялық жарақтауға, құралға, сондай-ақ менеджмент жүйесі, өндіріске әзірлеу және қою шеңберінде ұйымдардағы қызметті басқаруға ұйымдар дербес әзірлейді және бекітеді және олар уәкілетті органда есепке алуға және тіркеуге жатпайды. 

1-1. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

2. Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге қатысты, қолданылу үшiн ерiктi ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн қамтиды.  

Ұсынымдардың жасалуына, ресiмделуiне, мазмұнына, баяндалуына, оларды әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолдану тәртiбiне қойылатын талаптарды оларды бекiтетiн ұйым белгiлейдi.  

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...21‑2 22 23 24 25 ...47

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603