Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Техникалық реттеу туралы

Техникалық реттеу туралы
25-1-бап. Өнімді каталогтау жүйесі



Ст. 25-1 Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603



1. Өнімді каталогтау жүйесі техникалық реттеу субъектілерін отандық өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

2. Қазақстан Республикасында шығарылатын өнім каталогтау жүйесінде тіркелуге жатады.

3. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркеуге:

1) өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтары), өнімнің белгіленген сериялары;

2) бірлі-жарым өндіріс өнімі, авторлық құқық объектілері, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатпайды.

4. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркелуге жататын өнімді өндірушілер уәкілетті органға өндірілген (өндірілетін) өнім туралы мәліметтерді өнімнің каталог парағында қағаз және электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.

5. Уәкілетті орган каталог парағын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

каталог парағын толтырудың дұрыстығын және онда көрсетілген мәліметтердің анықтығын тексереді;

бұзушылықтар болмаған жағдайда шығарылатын өнім туралы мәліметтерді өнімді каталогтау жүйесіне енгізеді және өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына, берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, олардың өнімді каталогтау жүйесіне енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді;

каталог парағында толық емес не анық емес мәліметтер ұсынылу фактісі анықталған жағдайда, тіркеуден дәлелді жазбаша бас тартуды жібереді.

6. Өндіруші каталог парағындағы мәліметтер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді көрсете отырып, каталог парағын уәкілетті органға жібереді.

7. Уәкілетті орган өнімді:

1) өндіруші таратылған;

2) өндіруші өтініш жасаған;

3) өнімді каталогтау жүйесіне өнімнің енгізілуі (қосылуы) үшін негіз болған анық емес мәліметтер ұсыну фактілері анықталған жағдайларда өнімді каталогтау жүйесінен алып тастайды.

8. Осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда уәкілетті орган өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына өнімнің каталогтау жүйесінен алып тасталғаны туралы хабарлама жібереді.

Ескерту. 3-тарау 25-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
4-тарау. СӘЙКЕСТIКТI РАСТАУ

Статья 1 ...24 25 25-1 26 27 ...47 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-1-бап Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603