Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Техникалық реттеу туралы
27-1-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру



Ст. 27-1 Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603



1. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды бекіту және тіркеу мақсатында жүзеге асырылады.

2. Сәйкестікті растау жөніндегі орган көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда көрсетілген құжаттар тізбесін техникалық хатшылыққа ұсынады.

3. Техникалық хатшылық құжаттарды қарауды техникалық хатшылыққа келіп түскен күнінен бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

4. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, техникалық хатшылық күнтізбелік он бес күн ішінде жазбаша түрде уәжді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды сәйкестікті растау жөніндегі органға қайтарады.

5. Оң шешім шығарылған жағдайда техникалық хатшылық көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды уәкілетті органға жібереді.

Ескерту. 4-тарау 27-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...26 27 27-1 27-2 28 ...47 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-1-бап Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603