Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 27 Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.05.2018

Техникалық реттеу туралы
27-бап. Сәйкестiктi мiндеттi растау

1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық регламенттерде айқындалады.  

2. Сәйкестiктi мiндеттi растау:  

1) дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;  

2) мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.  

3. Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі және сәйкестiктi растау схемалары бойынша, оның ішінде мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. 

Өнімді сәйкестендіру мақсатында ұйымдардың стандарттарын қолдануға жол беріледі, бірақ ұйымдардың стандарттары сәйкестікті міндетті растау рәсімдерін жүргізу үшін қолданылмайды. 

4. Сәйкестiктi растау схемаларында сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерi (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық бақылау) болады және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар мен (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды мiндеттi сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестiк туралы декларация қабылдаған кезде қолданады.  

Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн. 

5. Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, көрме үшiн және оны нысаналы пайдаланбау үшiн әкелiнген, сондай-ақ iзгiлiк көмек желiсi бойынша жеткiзiлетiн өнiм сәйкестiктi мiндеттi растау объектiлерiне жатпайды.  

Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...25‑1 26 27 27‑1 27‑2 ...47

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603