Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Техникалық реттеу туралы
28-бап. Өнiмдi дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi растау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 28 Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603



1. Өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) мен сатушылар:

1) осы өнiм үшiн техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау нысаны мен схемасын таңдауға;

2) аккредиттеу саласы өтiнiм берiлген өнiмге қолданылатын сәйкестiктi растау жөнiндегi кез келген органға жүгiнуге;

3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгі мiндетті растаудан өткен өнiмге сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң сәйкестiк белгiсiн қолдануға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар мен аккредиттелген зертханалардың заңсыз әрекеттерiне уәкiлеттi органға шағым жасауға;

5) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа шағым жасауға құқылы.

2. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға тиiс өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар), сатушылар:

1) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

2) өнiмнiң сәйкестiгi расталуын жүргiзудi қамтамасыз етуге;

3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгi расталудан өткен өнiмге, инспекциялық бақылау жүргiзуге арналған жағдайларды қамтамасыз етуге;

4) өнiмдi сәйкестiгi расталғаннан кейiн ғана өткiзуге;

5) мемлекеттiк бақылау жүргiзiлген кезде мүдделi тараптарға қажеттi ақпаратты, өнiмнiң сәйкестiк сертификаттарын (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерiн), сәйкестiк туралы декларацияларды (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерiн) табыс етуге;

6) iлеспе құжаттамада сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк туралы декларация жөнiндегi мәлiметтердi көрсетуге;

7) егер сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталса, не сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданысы тоқтатыла тұрса, күшi жойылса немесе тоқтатылса, өнiмдi өткiзудi тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

8) сәйкестiктi растау жөнiндегi органды техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнiм өндiрiсiнiң технологиялық процестерiне енгiзiлетiн өзгерiстер туралы хабардар етуге;

9) сәйкестiктi растау нәтижелерi бойынша техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмнiң өндiрiлуiн тоқтата тұруға мiндеттi.

Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...27-1 27-2 28 29 30 ...47 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 28-бап Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603