Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Техникалық реттеу туралы
33-бап. Шет мемлекеттердiң сәйкестiктi растау нәтижелерiн тану

Ст. 33 Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Шет мемлекеттердiң сәйкестiк сертификаттары, өнiмдi сынау хаттамалары, сәйкестiк белгiлерi халықаралық шарттарға немесе аккредиттеу жөніндегі халықаралық немесе өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес танылады. 

2. Шетелдiк сәйкестiк сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестiк белгiлерiн және сәйкестiктi растау саласындағы өзге де құжаттарды тану тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды. 

3. Осы баптың ережелері халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағын көрмеден кейін пайдалануға арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты шетелдік сәйкестік сертификаттарына, сынақ хаттамаларына, сәйкестік белгілеріне және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарға қолданылмайды. 

Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...47

Перейти к статье






Добавить комментарий к 33-бап Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603