Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Техникалық реттеу туралы
37-бап. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар

Ст. 37 Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау) уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi өзге де мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.  

2. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi, олардың лауазымды адамдары өткiзу сатысындағы өнiмге қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.  

3. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары:  

1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;  

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткiзудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөнiндегi ықпал ету шараларын қолданады;  

3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.  

Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...47

Перейти к статье






Добавить комментарий к 37-бап Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603