Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 41 Техникалық реттеу туралы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 396-VI


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Техникалық реттеу туралы
41-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау

1. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау мен қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру және оған әкімшілік жүктемені азайту болып табылады. 

2. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді зерделеу, талдау, салыстыру арқылы, оның ішінде: 

1) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері, мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар берген; 

2) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінен және басқа да ақпараттық жүйелерден алынған; 

3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінен алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. 

3. Айналысқа шығару кезінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі тексерілетін өнім – техникалық реттеу саласындағы қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық қадағалау объектісі, ал оған қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына ие тұлға қадағалау субъектісі болып табылады. 

4. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жасалады. 

5. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. 

Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда: 

1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап; 

2) поштамен – тапсырысты хатпен; 

3) электрондық тәсілмен – бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. 

6. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде, ал стандарттау жөніндегі құжаттарда және қағидалар мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесіне енгізілген өлшемдерді орындау әдістемелерінде белгіленген, өнімнің сәйкестігін бағалау рәсімін жүргізудің неғұрлым ұзақ мерзімі болған жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. 

7. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. 

8. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу жиілігі – ай сайын 25-нен кешіктірілмей, айына бір реттен артық емес. 

9. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды тіркеудің арнайы журналында есепке алынуға тиіс, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться