Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Телерадио хабарларын тарату туралы
19-бап. Уәкілетті органда шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою

Ст. 19 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

2. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды шетелдік теле-, радиокомпаниялардың өкілдері есепке қою туралы куәлік алуға өздері берген осы Заңның 20-бабының талаптарына жауап беретін өтініштің негізінде жүзеге асырады. 

3. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік алуға өтініш келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік береді не осы Заңның 21-бабында көзделген негіздер бойынша оны беруден бас тартады. 

4. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою олардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптаудан кейін жүзеге асырылады. 

Діни бағыттағы шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін дінтану сараптамасынан кейін жүзеге асырылады. 

5. Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою теле-, радиоарнаның аты, негізгі тақырыптық бағыты ауысқан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылған жағдайда жүзеге асырылады. 

6. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18‑1 18‑1 19 20 21 ...43

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV