Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Телерадио хабарларын тарату туралы

Телерадио хабарларын тарату туралы
23-бап. Теле-, радиокомпания



Ст. 23 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV



1. Теле-, радиокомпания теле-, радиоарналарды қалыптастырып, оларды телерадио хабарларын тарату желілерінде әрі қарай тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

2. Теле-, радиокомпаниялар:

1) уәкілетті органда теле-, радиоарнаны бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қоюды жүзеге асырады;

2) қалыптастырылатын теле-, радиоарналардың телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына техникалық сәйкестігін қамтамасыз етеді;

3) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларының ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламалар беру сапасын қамтамасыз етеді;

4) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаттары бар теле-, радиоарналарды қалыптастырудың техникалық құралдарын пайдаланады.

 Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV