Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Телерадио хабарларын тарату туралы

Телерадио хабарларын тарату туралы
27-бап. Телерадио хабарларын тарату желілері



Ст. 27 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV



1. Телерадио хабарларын тарату желілері байланыс саласындағы заңнамаға сәйкес біртұтас телекоммуникация желісінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің аумағында теле-, радиоарналарды тарату және трансляциялау үшін пайдаланылатын жерүсті және спутниктік хабар тарату жүйелерінің біртұтас өндірістік-технологиялық кешенін құрайды.

2. Мемлекеттік теле-, радиоарналарды тарату және трансляциялау үшін телерадио хабарларын тарату операторларының техникалық құралдары мен арналарын пайдалана отырып, біртұтас телекоммуникация желісіне негізделетін республикалық және өңірлік телерадио хабарларын тарату желілері құрылады.

3. Теле-, радиокомпаниялар және телерадио хабарларын тарату операторлары теле-, радиоарналарын тарату және трансляциялау үшін қазіргі бар телекоммуникация желілерін жасалған шарт талаптарымен пайдалануға құқылы.

4. Телерадио хабарларын тарату желілері, меншік нысанына қарамастан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде пайдаланылады. Телерадио хабарларын тарату желілерін көрсетілген мақсаттарда пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде халықты хабардар етуді теле-, радиокомпаниялар және телерадио хабарларын тарату операторлары меншік нысанына қарамастан міндетті түрде жүзеге асырады.

6. Егер техникалық жағдайлар мүмкіндік берсе, тұрғын үйлерде кабельдік желілерді тарту үшін инженерлік инфрақұрылым объектілері барлық кабельдік телерадио хабарларын тарату операторларына бірдей шарттармен беріледі.

Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV