Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 38 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Телерадио хабарларын тарату туралы
38-бап. Кабельдік телерадио хабарларын тарату

1. Интернет жүйелеріне қолжетімділік қызметін көрсететін абоненттік желілерді қоспағанда, кабельдік телерадио хабарларын тарату кабельдік және эфирлік-кабельдік желілер арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді. 

2. Телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын таратудың кабельдік және эфирлік-кабельдік желілері арқылы таратуы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады. 

3. Телерадио хабарларын тарату операторларының эфирлік-кабельдік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы осы Заңның 15-бабына сәйкес берілген жиіліктер белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат болған кезде жүзеге асырылады. 

4. Кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары мен міндетті теле-, радиоарналар құқық иелері арасындағы өзара есепке жатқызу негізінде міндетті теле-, радиоарналардың трансляциясын және (немесе) ретрансляциясын кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары жүзеге асырады.

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...43

Перейти к статье






Добавить комментарий к 38-бап Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV