Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 42 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Телерадио хабарларын тарату туралы
42-бап. Өтпелі ережелер

1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін аналогтік эфирлік телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеп тұруы қамтамасыз етіледі.

2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша уәкілетті орган цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындаған тәртібіне сәйкес цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу мерзiмдерiн оған көшкенге дейін кемiнде алты ай бұрын белгілейді.

Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін мемлекеттік емес еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды тарату республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындайтын тәртібі мен мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін телевизиялық хабарларды таратуды ұйымдастыру бойынша қызметпен айналысу үшін бұрын берілген лицензиялар және жиіліктер белдеуін, радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсаттар қолданылады. Бұл ретте теле-, радиокомпаниялар осы Заңның талаптарына сәйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкеннен кейінгі бір жыл ішінде телеарналарды есепке қоюды жүзеге асыруға міндетті.

4. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу кезінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында аналогтік жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер арқылы таратылатын телеарналар аталған жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) босатады және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы оларды цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың телеарналар топтамасына міндетті түрде тегін қосады. Бұл теле-, радиоарналарды тарату жасалған шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.

5. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкеннен кейін аналогтік телерадио хабарларын тарату кезінде телеарналарға радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттар және телевизиялық хабарларды таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензиялар өз күшін тоқтатады.

6. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында теле-, радиохабарлар таратудың ұлттық операторы жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатты конкурс өткізілместен алады.

7. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде есепке қоюды жүзеге асырады.

8. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін телерадио хабарларын тарату қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын телерадио хабарларын тарату операторлары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде лицензиясын қайта ресімдеуге міндетті.

9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының және өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан өтініш жасаған бір өтініш берушіге бір жалғама деген есеппен жүргізіледі.

Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады және ол берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.

9-1. Осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағы қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған шетелдік теле-, радиоарналар оның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркетуді немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркетуді жүзеге асыруға міндетті.

Шетелдік теле-, радиоарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган есепке қою туралы куәлікті алты ай өткеннен соң кері қайтарып алады.

9-2. 2020 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде уәкілетті орган телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына аналогтік және цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік емес теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі бойынша таратуды қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды ұлттық оператор белгілеген тарифтерге сәйкес өтейді.

10. 10-баптың 2-тармағының үшінші абзацы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...40‑1 41 42 43

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться