Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Телерадио хабарларын тарату туралы

Телерадио хабарларын тарату туралы
5-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау



Ст. 5 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV




1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, есепке қою және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.

2. Осы Заңның 24-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында және 31-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады, оларды бақылауды тиісінше уәкілетті орган және телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

3. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер нысанында жүзеге асырылады.

4. Осы Заңның 31-бабында көзделген талаптардың сақталуы бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізуді мемлекеттік техникалық қызметті тарта отырып, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

 Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV