Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жауапкершілігі шектеулі жјне ќосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы

Жауапкершілігі шектеулі жјне ќосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы
11-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары



Ст. 11 Жауапкершілігі шектеулі жјне ќосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220



1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар:

1) осы Заңда және серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға;

2) серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;

3) серіктестік қызметінен осы Заңға, серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;

4) серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе  серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға;

5) осы Заңда көзделген тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға;

6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.

2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың осы Заңда және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.

Ескерту: 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 12-1 ...69 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Жауапкершілігі шектеулі жјне ќосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220