Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жауапкершілігі шектеулі жјне ќосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы
43-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының құзыреті

Ст. 43 Жауапкершілігі шектеулі жјне ќосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар жалпы жиналысының құзыреті осы Заңға сәйкес серіктестік жарғысымен белгіленеді.  

2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының ерекше құзыретіне:  

1) серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту;  

2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін немесе атқарушы органның жеке мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;  

3) серіктестіктің бақылаушы кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері мен қорытындыларын бекіту;  

4) серіктестіктің жылдық қаржылық есептемесін бекіту және оның таза табысын бөлу;  

5) оларды бекіту серіктестіктің жарғысында серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа; серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;  

6) серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;  

7) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;  

8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;  

9) осы Заңның 34-бабына сәйкес серіктестікке қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім шығару;  

10) серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы шешім шығару;  

11) осы Заңның 39-бабына сәйкес серіктестік мүлкіне қосымша жарналарын енгізу туралы шешім шығару;  

12) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін бекіту; 

13) жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен оның нәтижесінде серіктестік құны жауапкершілігі шектеулі серіктестік активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінің елу бір және одан көп пайызын құрайтын мүлікті иеліктен шығаратын (иеліктен шығарылуы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында өзара байланысты мәмілелер жасасуды мақұлдау туралы шешім шығару жатады. 

2-1. Өзара байланысты мәмілелер деп: 

1) сол бір адаммен не өзара үлестер тұлғалар тобымен нақ сол бір мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға қатысты жасалатын бірнеше мәмілелер; 

2) бір шартпен немесе өзара байланысты бірнеше шартпен ресімделетін мәмілелер; 

3) серіктестікке қатысушылардың жарғысымен немесе жалпы жиналысының шешімімен өзара байланысты мәмілелер ретінде танылған өзге де мәмілелер танылады. 

3. Осы Заңмен жалпы жиналыстың ерекше құзыретіне жатқызылған мәселелермен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысымен оның құзыретіне басқа да мәселелердің жатқызылуы мүмкін.  

Егер серіктестік жарғысында басқаша белгіленбесе, жалпы жиналыс өзінің ерекше құзыретіне жатпайтын өкілеттіктерді серіктестіктің атқарушы органына немесе бақылау кеңесіне беруге құқылы.  

4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы, өзінің құзыреті серіктестік жарғысында қалай белгіленгеніне қарамастан, серіктестік қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға алуға құқылы.  

5. Қатысушылардың жалпы жиналысы, егер серіктестіктің жарғысында өзгеше айқындалмаса, серіктестіктің ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзге де органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.  

Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...69

Перейти к статье






Добавить комментарий к 43-бап Жауапкершілігі шектеулі жјне ќосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220