Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы

Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы
1-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасы ұғымы



Ст. 1 Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы



1. Сауда-өнеркәсiп палатасы - кәсiпкерлiк қызметтi дамыту, Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлерiнiң және (немесе) заңды тұлғаларының, сондай-ақ олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында оларды ерiктi негiзде бiрiктiретiн, коммерциялық емес, мемлекеттiк емес, өзiн-өзi қаржыландыратын және өзiн-өзi басқаратын ұйым.

2. Сауда-өнеркәсiп палатасы кәсiпкерлiк қызметпен бұл қызмет өзiнiң жарғылық мақсаттарына қаншалықты сай келсе, соншалықты ғана айналыса алады.

3. Сауда-өнеркәсiп палатасы өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты сауда-өнеркәсiп палатасының мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Статья 1 2 3 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы