Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы
11-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшесiнiң құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 11 Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы



1. Сауда-өнеркәсiп палатасының мүшесi:

1) сауда-өнеркәсiп палатасы тарапының жәрдемiн, кәсiби қолдауы мен қорғауын, сондай-ақ сауда-өнеркәсiп палатасының жарғысында көзделген қызметтердi пайдалануға;

2) сауда-өнеркәсiп палатасының органдарына сайлауға және оларға сайлануға (сайлау үшiн кандидатура ұсынуға);

3) сауда-өнеркәсiп палатасына оның қызметi туралы жазбаша сауалдар беруге және одан дәлелдi жауаптар алуға, сауда-өнеркәсiп палатасы мен оның органдарының жұмысын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

2. Сауда-өнеркәсiп палатасының мүшесi:

1) сауда-өнеркәсiп палатасы жарғысының ережелерiн сақтауға;

2) сауда-өнеркәсiп палатасының мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) және оның алқалы атқарушы органының шешiмдерiн орындауға;

3) мiндеттi мүшелiк жарналар төлеуге мiндеттi.

3. Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi тең.

4. Сауда-өнеркәсiп палатасы өз мүшелерiнiң қызметiне араласуға және олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға құқылы емес.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы